деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.
Бұл заң жобасы Қазақстан Президентінің 2003 жылғы мамырдың 17-сіндегі Жарлығымен бекітілген еліміздің Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын орындау үшін әзірленген.
Заң жобасы табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілеріне қатысты тариф саясатын жетілдіру мақсатын көздейді.