Оның сөзіне қарағанда, жылу энергиясы саласындағы құрылғылар 80 пайызға дейін ескірген. Ал оларды қалыпқа келтіру үшін 429 миллиард теңге қажет. «Ал бұл мақсатқа 2008 жылы 2,8 миллиард теңге бөлінсе, 2009 жылы бұл көрсеткіш 11,8 миллиардқа жетті. 2011 жылға дейін ол 33 миллиард теңге болады деп күтілуде. Бұл қаржы ойлаған мақсатқа жету үшін теңізге құйған тамшыдай. Сондықтан мәселені шешу үшін инвестиция мәселесіне көңіл бөлу керек», -деді Агенттік төрағасы.
15:29, 15 Желтоқсан 2010
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2020 жылға дейін 34 ірі энергия стансаны инвестициялық тарифке көшірмек
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2020 жылға дейін 34 ірі энергия өндіретін ұйымды немесе стансаны инвестициялық тарифке көшіретін болады. Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталы арқылы өткен онлайн конференция барысында аталмыш агенттік төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті.