Табиғи монополияларды реттеу агенттігі: жылумен жабдықтау қайта есептеліп, тұтынушыларға 695 млн.теңге қайтарылды

None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат -  Табиғи монополияларды реттеу агенттігі  тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұрмыстық  тұтынушылар үшін  ауаның нақты  сыртқы температурасын негізге ала отырып, жылу энергиясының  құнын қайта есептеу жұмысын аяқтады.

Бұл жайлы ТМРА баспасөз қызметі хабарлады.

  Өткен жылыту кезеңінде ауаның  нақты  сыртқы температурасы неғұрлым жоғары болу нәтижесінде  жылу энергиясын  есептеу аспаптары жоқ  тұтынушыларға  республиканың 14 өңірінде 907,3 млн теңгеден асатын сомада қайта есептеу жүргізілді. Бұл ретте  бүгінгі күні өткен жылыту кезеңінде  берілген  шоттарды  түзету арқылы  тұтынушыларға  шамамен  695 млн.теңге қайтарылды.

Сөйтіп жүргізілген қайта есептеуге сәйкес  Астана қаласында  тұрмыстық  тұтынушыларға  305,465 млн.  теңге сомасында ақшалай қаражат қайтарылуға тиіс;

Алматы қаласында 15,725 млн. теңге сомасында;

Алматы облысында 15,557 млн. теңге сомасында;

Ақмола облысында 22,263 млн. теңге сомасында;

Атырау облысында 8,887 млн. теңге сомасында;

Ақтөбе облысында 6,041 млн. теңге сомасында;

Жамбыл облысында 2,015 млн. теңге сомасында;

Батыс Қазақстан облысында  386 мың  теңге сомасында;

Қарағанды облысында 137,308 млн.  теңге сомасында;

Қостанай облысында 75,304 млн. теңге сомасында;

Солтүстік  Қазақстан  облысында 3,806 млн. теңге сомасында;

Павлодар облысында 105,433 млн. теңге сомасында қаражат қайтарылады.

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда  облыстарында жылыту үшін  алынған  төлемақыға қарағанда, неғұрлым суық климат жағдайлары болды. Мысалы, 2011-2012 жж. жылыту кезеңінде  метеорологиялық  қызметтердің  деректері бойынша Шымкент қаласында ауаның орташа сыртқы температурасы ҚР құрылыс нормаларында    көзделген плюс  1,4°С қарағанда,  минус 0,77°С болды. Осыған байланысты қаражат қайта есептелініп қайтарылмайды.

Тұтынушыларға жылытылатын  алаңның  1 шаршы метрі үшін  қайтару  сомасы 0,24-тен 63,85 теңге/м2  дейін өзгеріледі. Бұл ретте   алаңы 80 шаршы метр 3 бөлмелі  пәтер үшін қайтарылатын ақшалай қаражат   сомасы 18,8 теңгеден 5108 теңгеге дейін құрайды.

Астана қаласы бойынша  жылыту кезеңінде түзету ай сайын жүргізілді. Бұл ретте  қайтарылған сома 305,465 млн. теңгені құрады.

Алматы қаласы бойынша  жылу энергиясы үшін  2 табиғи монополия субьектісі, оның ішінде «Алматы жылу желілері» ЖШС  және «Ел-Аман-А» ЖШС бойынша жалпы сомасы 15,725 млн. теңге қайта есептелінді, қаражатты қайтару 2012 жылғы тамыз айынан бастап жүзеге асырылады. 

Алматы облысы бойынша  жылу энергиясы үшін  8 табиғи монополия субьектісі, оның ішінде «Талдықорғанжылусервис» МКК, «Казцинк» ЖШС, «Теміржолжылу Алматы» ЖШС, «Алматы қант»  АҚ, «Көксу Жылу» МКК, «Қапшағайжылу» МКК, «Жылу желілері» ЖШС, «АятЭнергоСервис» ЖШС бойынша жалпы сомасы 15,557 млн. теңге қайта есептелінді,  қаражатты қайтару 2012 жылғы тамыз айынан бастап жүзеге асырылады.

Ақмола облысы бойынша  жылыту кезеңі  үшін  қайта есептеу «Термотранзит» ШҚЖ МКК (0,886 млн. теңге сомасында), «Степногорскэнергосбыт» ЖШС (3,964 млн. теңге сомасында), «Шаңтөбе Энерго» ЖШС (0,643 млн, теңге сомасында) бойынша ай сайын жүргізілді. Басқа 7 кәсіпорын («Көкшетау Жылу» ШҚЖ, Ерейментау  қаласы «Теплосервис»ШҚЖ МКК, «Бурабай тазалық»ШҚЖ МКК, «Шортанды Су» ШҚЖ МКК, «Атбасар жылусервис» ШҚЖ МКК, Астрахан ауданы «Комхоз»  ШҚЖ МКК, Целиноград ауданы   «Целиноград  коммуналдық қызметі» ШҚЖ МКК) бойынша  қайтару 2012 жылғы қазан айынан бастап жүргізіледі. Облыс бойынша  қайтарылатын қайта сома 22,263 млн, теңгені құрайды.

Ақтөбе облысы бойынша  жылу энергиясы үшін 5 жылумен жабдықтау ұйымы,  оның ішінде «Трансэнерго» АҚ бойынша 6,041 млн.теңге  сомасында қайта есептеу  жүргізілді, қаражатты қайтару жаңа жылыту кезеңінен басталады.

Атырау  облысы бойынша  жылу энергиясы үшін 4 табиғи монополия  субьектісі  («Байшонас Жылу» ЖШС, «Есенаманова»  ДК, «Тұрмыстық қызмет»КМК, «Исатай Тазалық» ЖШС)  бойынша 8,887 млн. теңге қайта есептеу жүргізілді,  қайтару жаңа жылыту кезеңінен басталады. 

Шығыс Қазақстан  облысы бойынша жылу энергиясы үшін Семей қаласы «Теплокомунэнерго»  МКК сәуір айында 10,383 млн. теңге сомасын қайтарды, Серебрянск қаласы «Теплоцентраль» КМК 2012 жылғы сәуір айында 0,926 млн. теңге сомасын қайтарады. «Риддер ЖЭО» АҚ бойынша  2012 жылғы шілде айында 3,77 млн. теңге сомасында  қайтару жүзеге асырылады,  Зырян қаласы  «Теплоцентраль» МК  2012 жылғы қыркүйек айында 0,16 млн. теңге сомасын қайтарады. Облыс бойынша қайтарылатын жалпы  сома 15,236 млн. теңгені құрады.

  Жамбыл облысы бойынша жылу энергиясы үшін қайта есептеу                       6 кәсіпорын бойынша 2,015 млн. теңге сомасында  жүзеге асырылады, қаражат  жаңа жылыту кезеңінен бастап қайтарылады.

Батыс Қазақстан  облысы бойынша жылу энергиясы үшін қайта есептеу «Жайықтеплоэнерго» АҚ бойынша 386 мың теңге сомасында жүзеге асырылды, қаражатты қайтару келесі  жылыту кезеңінде басталады.

Қарағанды облысы бойынша  жылу энергиясы үшін 2 табиғи монополия субьектісі («ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС, «Шахтинск ЖЭО» АҚ) бойынша 137,308 млн. теңге сомасында қайта есептеу                 жүргізіледі,  қайтару  жана жылыту кезеңінен басталады.

Қостанай  облысы бойынша  жылу энергиясы үшін «Қостанай ЖЭК» МКК, «Арқалық ЖЭК»МКК, «Жітіқаракоммуэнерго» МКК, «Затабол ЖЭК» МКК (Затабол кенті  және Озерное ауылы), «ССГПО» АҚ (Качар кенті және Рудный қаласы), «Лисаковскгоркоммуэнерго» ӨШБ» бойынша қайта есептеу  жүргізілді. Қайта есептелген жалпы сома 75,304 млн. теңгені құрады. Қаражат  тұтынушыларға өткен жылыту кезеңінде қайтарылды.

Маңғыстау  облысы бойынша  жылу энергиясы үшін қайта есептеуді «МАЭК Казатомпром»  ЖШС өткен жылыту кезеңінде ай сайын 193,948 млн. теңге сомасында жүргізді.

Павлодар   облысы бойынша  жылу энергиясы үшін қайта есептеуді «Павлодарэнергосбыт» ЖШС өткен жылыту кезеңінде  шоттарды түзету арқылы 103,43 млн. теңге сомасында  жзүргізді. Қалған табиғи монополиялар  субьектілері («Майкаинзолото» АҚ,  «Ященко» ДК, «Көмек» МКК, Солнечный кенті «Горводоканал» МКК, «Аққу - сервис» МКК, «Қайнар» МКК, «Теплосервис - Ақсу» МКК, «ТОГАС»ЖШС) бойынша қайтару  2012 жылғы қыркүйек айында жүзеге асырылады. Облыс бойынша қайта есептелген жалпы сома 105,433 млн.теңгені құрады.

Солтүстік Қазақстан   облысы бойынша  жылу энергиясы үшін қайта есептеу 5 кәсіпорын бойынша 3,806 млн. теңге сомасында жүзеге асырылды, қаражатты қайтару жаңа жылыту кезеңінен басталады.

Барлық  тұтынушылардың есептік аспаптарын қолдануға  көшуіне қарай жылу энергиясының нақты көлеміне ғана ақы төленетін  болады және қайта есептеу жүргізілмейді.