11:20, 15 Сәуір 2009
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру жөніндегі алқа мәжілісі өтті
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру жөніндегі алқа мәжілісі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алқада төраға Нұрлан Алдабергенов инфрақұрылымдық салалардың реттеушісі болып табылатын Агенттіктің алдында әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Жолдауды іске асыруда бірнеше басым міндеттер тұрғанын атап көрсетті. Оның айтуынша, бірінші міндет ? дағдарысқа қарсы шаралардың шеңберінде коммуналдық желілерді жаңалау мен жаңғыртуға бағытталған жұмыстарды жүргізу. Екіншісі ? энергияны үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру. Үшіншісі ? Агенттіктің алдында тұрған ағымдағы міндеттерді жүзеге асыру. Бұл міндеттердің әрқайсына жеке-жеке тоқталған Н. Алдабергеновтың пікірінше, олардың шешілуі коммуналдық желілерді жаңалау мен жаңғыртуға, кәсіпорындардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, энергияны үнемдеуге және тұтынушыларды реттеліп көрсетілетін қызметтерге бағаларды негізсіз көтеруден қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға жәрдемдесетін болады.