деп хабарлады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметінен.
Мереке қарсаңында Агенттіктің бір топ қызметкері еліміздің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына қосқан айрықша үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Мемлекет басшысының атынан Агенттік төрағасы Бақылау және талап қою департаменті басқармасының жетекшісі Ж. Қазақбаевқа «Құрмет» орденін, темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті директорының орынбасары Р. Жамановаға «Ерен еңбегі үшін» медалін, сондай-ақ бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын тапсырды.
Салтанатты рәсім соңында Агенттік төрағасы М. Оспанов оларды айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында табысты еңбек ете берулеріне тілегін білдірді.