Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің қалалық департаменті алғашқы тоқсанның жұмыс қорытындысын саралады

АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің қалалық департаменті алғашқы тоқсанның жұмыс қорытындысына арналған алқа мәжілісін өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы басымдықтардың бірі ? ресурстарды қатаң үнемдеу және қатал қаржы тәртібін сақтау, сондай-ақ коммуналдық шаруашылық желілерді тиісті жағдайға келтіру мәселелерін шешу міндеттері. Осы мақсаттар тұрғысында департамент бөлінген бюджеттік қаражатты 100 пайыздық игеру бойынша жұмыс жүргізуде. «Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметалары бойынша қаражатты жұмсауына бақылау күшейтілді. Департаментпен тиімді бақылауға жету үшін мемлекеттік меншік пен кәсіпорындардың әкімшілік басқару қызметін ұстауға арналған шығыстардың деңгейі анықталды. Негізгі қорды қайта қалпына келтіру және жөндеу үшін қажетті шығындарды талдау жүргізілді», - дейді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті директоры Ялкунжан Баратов.