Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жауапты хатшысы шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Оның сөзіне қарағанда, осы уақытта А.Конопляный мен «Бақыт» компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Б.Ибраев пен оның орынбасары Е.Ормановқа қатысты қылмыстық істі тексеру аяқталды. «А.Конопляный өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, «Бақыт-компаниясы» ЖШС-ның өкілдерімен бірлесіп, аталмыш компанияның лицензия шарттары бұзылған жанар-жағар майды сақтау мен сату арқылы кәсіпкерлік жұмыстарының алға басуына ықпал етті. Осыған қарай Б.Ибраев пен Е.Ормановқа «мемлекет иелегіне жататын жерден заңсыз түрде өз еркімен май құю стансасын ашып алды. Сондай-ақ заңдастырылған май құю стансаларын пайдалануға беру жөніндегі қабылдау актілері бойынша жалған шешім шығарып, қылмыстық жолмен табылған мүлікті кәсіпкерлік мақсатқа пайдаланды, кәсіпкерлік қызметті лицензиялау талаптарын бұза отырып жүзеге асырды. Нәтижесінде 1,3 миллиард теңге көлемінде қаржы тапты» - деген айып тағылды», - деді баспасөз хатшысы.
Оның мәліметтері бойынша, Конопляныйдың осындай қылмыстық әрекеттерінің арқасында жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілдері экологиялық талаптарды бұзу арқылы тұрғындардың өміріне қауіп төндіре отырып, Астанадағы 12 май құю стансаларын өз мақсаттарына пайдаланған. «Ал одан келген табыс 1,3 миллиард теңгені құрады. Осыған байланысты А.Конопляный 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, Б.Ибраев пен Е.Ормановқа айыппұл салынды», - деді баспасөз хатшысы.