Медициналық күштердің құрамы пневмокаркас модульдері базасында далалық медициналық госпитальмен жарақтандырылған Апаттар медицинасы орталығы (АМО) Алматы қаласы бойынша филиалының апаттар медицинасы отрядымен күшейтілді.
Қазіргі таңда ТЖ орнында 26 адам және 8 бірлік техникадан құралған АМО күштері бар. Барлық жедел жәрдем бригадалары дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.