Табыс синергиясы - басымдықтар мен міндеттер бірлігінде

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында өзгерген әлемнің жаңа жағдайындағы басым міндеттердің нақты жоспарын айтты. Әлемді шарпыған коронавирус індеті мен экономикалық дағдарыс мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етеді, дейді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рақымжанов.