Таэквон-додан «Тараз кубогы - 2011» турнирі өтеді

АЛМАТЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таразда 9-10 сәуір күндері «Динамо» спорт кешенінде таэквон-додан дәстүрлі «Тараз кубогы - 2011» турнирі өтеді.

Спорт бәсекесін Жамбыл облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Таэквон-до ITF федерациясы және федерацияның облыстық филиалы мен «Ника» балалар мен жасөспірімдердің спорт клубы бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау, спортты насихаттау және спортшылардың шеберлік деңгейін көтеру. 8 сәуірде спортшылар аккредитациядан өткізіліп, салмақтары өлшенеді. Ал келесі күні тульдан жекелей, командалық және өзін-өзі қорғаудан, сондай-ақ массогиден сайысқа түседі. Ал келесі күні массогиден жекелей және командалық ақтық сайыстар мен арнайы техника көрсету сыны болады. Былтыр бұл турнир 3-4 сәуірде өткен еді.