Таеквондо: Айдана Сүндетбай Әлем чемпионатының жүлдегері болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 тамыз күні Өзбекстан астанасы Ташкентте таеквондодан кадеттер арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалықкомитетіненхабарлағандай, алғашқы жарыс күні Қазақстан қоржынына бір қола медаль түсті.Оны 33 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан жеткіншегіміз Айдана Сүндетбайжеңіп алды. Ол жартылай финалда қарсыласына жол беріп қойды.

Сонымен қатар, сынға түскен спортшылар қатарында 65келіден жоғары салмақта Ислам Тұрсын мен 51 келідегі Аймира Ғалымрашидоваүшінші айналымда жарыс жолынан шығып қалса, Сабина Тайырова мен Алмас Игілікбірінші кезеңде сүрінді.

Айта кетейік, 10 тамыз күні мәресіне жететін Әлем чемпионатында Қазақстан сапынан әлі 15 спортшыжүлдеге таласады. Жарысқа 60 мемлекеттен 550 таеквондошы қатысып жатыр.