Таеквондо: Батырхан Төлеуғали Олимпиада ойындарының 1/8 финалына жолдама алды
12:42, 09 Тамыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Батырхан Төлеуғали іріктеу айналымын сәтті бастап, 1/8 финалға өтті.
Қазақстандық таеквондошы бірінші кездесуінде Исмаел Кулибалиді қапы қалдырды.
1/8 финалда отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Батырхан – Қазақстан құрамасының сапында Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас спортшы.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сынға түсетінін хабарлаған едік.