Таеквондо федерациясының 10 өкілі «Спорт саласының үздігі» атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Ербол Мырзабосынов спорт саласына еңбегі сіңген мамандарды марапаттады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының басшылығы мен қызметкерлерін, сондай-ақ өңірлік федерациялардың жетекшілерін қабылдады.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Кездесу барысында министр отандық таеквондоны дамытуға, спортшыларды қолдауға және өңірлердегі жұмысты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Федерация өкілдеріне алғыс білдірді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Сонымен қатар министрлік пен Федерация арасындағы әріптестіктің және өңірлік ұйымдардың жүйелі жұмысының маңызын атап өтті.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Таеквондоны дамытуға қосқан үлесі үшін Федерация президенті Кудрәт Шамиев, бас хатшы Арал Садықов, қаржы жөніндегі вице-президент Алмас Аширбеков, халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент Надежда Хамитова, әкімшілік басқару жөніндегі вице-президент Айзат Қарашашев және спорт жөніндегі вице-президент Сұлтан Қасымов «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Сондай-ақ аталған марапатқа Федерация қызметкері Динара Кабдулова, ұлттық құраманың дәрігері Ахмет Гасанов, Алматы қаласы таеквондо федерациясының президенті Шухрад Шардинов және Ақмола облысы таеквондо федерациясының президенті Николай Боровинский ие болды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Осыған дейін Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жүлдегерлерін марапаттағанын жазғанбыз.