АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен таэквондодан G2 санатындағы рейтингілік «Korea Open» турнирінде Руслан Жаппаров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Таэквондо федерациясы мәлім еткендей Руслан турнирде үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де Оңтүстік Корея өкілдерімен кездескен.
Ол алғашқы екі қарсыласын 19:17 және 3:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда 28:10 есебімен қарсыласына жол берді.
Руслан өз жеңісін Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына бағыштап, оны еске алу мақсатында арнайы жейде киіп шықты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.