Айта кетейік, Гран-при турнирінің финалына рейтингтегі үздіктер қатарына енген таэвондошылар қатысады.
Олимпиада рейтингіне сәйкес, Жансел Дениз бен Смайыл Дүйсебай ақтық сайысқа жолдама алды. Өз кезегінде Руслан Жапаров турнир сайысына Бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңіске жеткеннен кейін кірген.
«Біздің екі спортшы Мәскеудегі турнирде олимпиадаға жолдама алуы мүмкін. Атап айтқанда, Жапаров пен Дүйсебайдың мүмкіндігі жоғары», - деп түсіндірді команданың бас бапкері Батырбек Есдәулетов.