Таэквондо: З. Сердәлиева Әлем чемпионатының қола жүлдегері

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Таэквондодан (WTF) Мысырдың Шарм әл-Шейх қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Зарина Сердәлиева қола жүлдеге қол жеткізді.

«Аламан» порталының мәліметінше, Зарина алдымен панамалық Каролина Картнесті, одан кейін украиналық Анна Лихманованы, ширек финалда итальяндық Лисия Мартигниниді ұтқан. Ал жартылай финалда француз қызы Эстелла Вандерге жол беріп, қолаға қол созды. Бұл Қазақстан құрамасының осы додадағы алғашқы жүлдесі.