Таеквондодан Гран-при кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
10:20, 01 Маусым 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Италияда өтетін таеквондодан Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Таеквондошылар бәсекесі 3-5 маусым аралығына жоспарланған. Қазақстан намысын аталған жарыста бес спортшы қорғайды. Олар:
Самирхон Абабакиров (58 кг)
Нұрлан Мырзабаев (80 кг)
Руслан Жапаров (+80 кг)
Смайыл Дүйсебай (+80 кг)
Жансель Дениз (+67 кг)