Таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі Алматыда өтеді

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.

Бұл шешім Бііріккен Араб әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен әлемдік кеңестің отырысында қабылданды. 

Қазақстандық делегация тарапынан жасалған тұсаукесер рәсімі халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты. 

Еске салсақ, аталған турнирді өткізуге 18 мемлекет өтініш білдірді. Енді алдағы жылы Алматы қаласына әлемнің үздік таэквондошылары жиналады.

Гран-при жарысында 2028 жылғы Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таэквондодан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.