Таеквондодан Kazakhstan Open турнирі: қазақстандық жастар 69 медаль еншіледі

Фото: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін елордада өтіп жатқан таеквондодан халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирінің екінші жарыс күні өтті. 

Бүгін жарыс жолында жастар 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады.

Жарыстың екінші күні Қазақстан командасы 69 медаль (19 алтын, 16 күміс, 34 қола) иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға АҚШ, үшінші орынға Сауд Арабиясының спортшылары тұрақтады.

Фото: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

Алтын медаль иеленген қазақстандық спортшылар: Мирислом Мырзакаримов, Буняд Бахрамқұлов, Тұңғышбай Ануарбекұлы, Бауыржан Исамедин, Евгений Васенкин, Бекжан Бақытжанұлы, Тимур Рахпанов, Дәулет Рахимоллиев, Әли Дабысов, Егор Шаптефрац, Маржан Нұржанова, Айым Серікбаева, Сальсабил Әбдіқадырова, Аруна Балмаханбет, Сабина Қасымова, Нұрай Амангелді, Тоғжан Қазнабек, Любовь Юн, Жанерке Пернебек.

Күміс медаль еншілеген спортшылар: Бақытжан Ергешбаев, Мұхаммед Рахымбаев, Марғұлан Маратұлы, Байдібек Базарбай, Нұрали Махмұт, Бекет Болатұлы, Арслан Жеңіс, Аманай Құралбаев, Сұлу Әбибулла, Жанель Сұлтанғалиева, Аяна Ғабит, Нұрайлым Бақытжанқызы, Нұрайым Жұмабек, Аяна Бауыржанова, Нигина Пахритдинова, Торғын Әлімхан.

Фото: Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

Қола медаль еншілеген спортшылар: Сағи Мадиұлы, Алтынбек Ерлан, Ерасыл Серіков, Әділет Шері, Мадияр Рахымбаев, Санжар Исмаил, Елдар Елнарұлы, Ислам Серіков, Клим Сулемин, Мұхаммедәлі Махмұт, Сержан Барақпаев, Қанат Рахымберді, Әлішер Жолмұрат, Рамазан Торшаев, Малика Мұрат, Кәусәр Мұхтарқызы, Дамира Бұрамбай, Нұрай Сейдазова, Данира Қасымжан, Дилинур Маркс, Наиля Телевалдиева, Нұргүл Сералиева, Малика Ғалым, Алуа Кенел, Аяна Жангужинова, Алина Исаева, Бақытнұр Қорған, Ксения Гуличук, Балгерім Өтеген, Жанеля Найманбай, Нұрила Жарас, Толғанай Шегебай, Аделина Байдаулетова, Айзере Мұхаметалиқызы.

Жарыстың соңғы күнінде даянгке жасөспірімдер шығып, турнирдің соңғы жүлделері мен рейтингтік ұпайларын сарапқа салады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Бірінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 38 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты.