Таеквондодан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.

Фото: ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде бес салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.

Ерлер

54 келіге дейін:

1. Еркебұлан Еңсегенов (Алматы қаласы).

2. Нұрасыл Сағындық (Түркістан облысы).

3. Баходир Шапулатов (Шымкент қаласы), Мағжан Отарғали (Алматы облысы).

58 келіге дейін:

1. Нұрали Махмұт (Алматы қаласы).

2. Марғұлан Маратұлы (Алматы облысы).

3. Жавохирхон Исламов (Шымкент қаласы), Санжар Исмаил (Алматы қаласы).

Әйелдер

49 келіге дейін:

1. Нұрайым Жұмабек (Жамбыл облысы).

2. Адель Жандильдинова (Қарағанды облысы).

3. Малика Ғалым (Атырау облысы), Рухшона Биметова (Жамбыл облысы).

73 келіге дейін:

1. Назым Махмұтова (Түркістан облысы).

2. Феруза Ергешова (Шымкент қаласы).

3. Нұриза Тұрарова (Алматы қаласы), Дания Қабир (Павлодар облысы).

73 келіден жоғары:

1. Ақсәуле Ерқасымова (Алматы облысы).

2. Дария Манасқызы (Астана қаласы).

3. Евгения Каимова (Астана қаласы), Меруерт Ткебаева (Ақтөбе облысы). 

Айта кетелік Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында жанкүйерлерге сөз арнаған еді.