Таеквондодан Қазақстан чемпионаты кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАҚпарат - Таеквондодан балалар арасындағы Қазақстан чемпионатының уақыты ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан таеквондо федерациясының хабарлауынша, ел біріншілігі 2020 жылдың 17 тамызына шегерілген.

Жоспар бойынша балалар арасындағы бәсеке Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 15 шілдесінде өтуі тиіс еді.

Жарыстың өтуі туралы қосымша ақпарат кейін жарияланады.