Таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 6-7 қаңтар күндері таэквондодан 14-17 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

 Онда сондай-ақ  «Құрметті Президент Ю. Нам Кубогы» да сарапқа салынбақ. Бұл байрақты бәсеке спорттың 5 түрлі бағдарламасы бойынша өткелі отыр. Онда  спортшылар тул мен спарринг бойынша жекелей, тул бойынша командалық жарыстан және өзін-өзі қорғаудан өзара сайысқа түспек. Спаррингте бозбалалар мен божеткендер 2004-2005,  2002-2003, 2000-2001 жылғылар  - 6,  1998-1999, 1996-1997 және 1995 жылдан жоғарғылар - 7 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Түсті белдеуі бойынша 2005 жылдан жоғарғылар бір топқа,  ал қара белбеуден  І дан иегерлері үш топқа, ІІ дан иегерлері екі топқа, ІІІ дан иегерлері екі топқа, IV дан иегерлері бір топқа бөлінеді. Әрқайсысына ҚР ITF Таэквон-до федерациясының облыстық филиалдары 3 спортшыға дейін  қоса алады.