АСТАНА. KAZINFORM – Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады.
АҚШ-та Қазақстан намысын 7 таеквондошы қорғайды. Олардың қатарында Темірлан Тілеулес (58 келі), Бектөре Оралханов (58 келі), Төлеуғали Батырхан (80 келі), Нұрбек Газез (68 келі), Нұрай Хұсайынова (67 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Рита Бәкішева (49 келі) бар.
Әр салмақ дәрежесінде үздік үштікке енген спортшылар 2026 жылы Рим қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix сериясының алғашқы кезеңіне тікелей жолдама алады.
Айта кетсек, турнирге әлемнің 44 елінен 376 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Еске салсақ, таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.