АСТАНА. KAZINFORM - Таэквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрамасы Аустрияда өтетін «Austrian Open G-1» халықаралық жарысына қатысады.
Дүбірлі дода 15 маусым күні жалауын көтереді. Оған әлемнің көптеген елінен барлығы 789 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.
Халықаралық жарыста ел құрамасы сапында Азиза Қаражанова (53 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі) жарыс жолына шығады.
Сондай-ақ Бекзод Қадырқұлов (54 келі), Артур Серік (54 келі), Изят Касанов (63 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Мерей Мәлік (74 келі), Мерген Ганиев (80 келі), Мейір Нұрғазин (87 келі), Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.