АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан командалық әлем кубогі аяқталды. Қазақстандықтар байрақты додада екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, алдымен ерлер командасы үшінші орыннан көрінді. Жартылай финалда Елдос Ысқақ, Ерасыл Қайырбек, Нұрлан Мырзабаев, Руслан Жапаров және Рахым Әділхановтар Иранға жол берді.
Ал аралас командалық сында Қазыбек Бақтиярұлы, Смайыл Дүйсебай, Фариха Алдоңғарова және Жансель Дениз тағы да «қолаға» қол жеткізді.
Осылайша, біздің команда қоржынында екі қола медаль бар.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.