Таеквондодан жасөспірімдер құрамасы халықаралық жарыста 28 медаль ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австрияның Инбсрук қаласында таеквондодан Austrian Open рейтингілік турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні даянгқа жасөспірімдер мен жастар шығып, ауыз толтырып айтарлық нәтиже көрсетті. Қазақстандықтардың еншісінде әртүрлі дәрежедегі 28 медаль бар: 11 алтын, 11 күміс және 6 қола.