АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.
Жүлдені Нұрали Махмут иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде алды. Финал жекпе-жегінде Махмут ирандық Сина Мохтарамиден жеңілді, тиісінше Мохтарами «алтын» алды.
Үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті.
Айта кетелік, бұған дейін аталған додада Нұрай Қазнабек те күміс жүлде иегері атанған болатын (59 келіге дейінгі салмақта).
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.