Таеквондошы Алидар Абдукаримов жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан таеквондо құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге ие болды.  

Фото: ҰОК

Алидар Абдукаримов 68 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды. Ол жарыста жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Аюбхон Набиевтен жеңілді. Осылайша, Қазақстан спортшысы жарысты үшінші орынмен аяқтады. 

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісіндегі жүлделер саны 4-ке жетті. 

Бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлде алған болатын.