Қазақстандық спортшы 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Ал, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық таеквондошы Буняд Бахрамкулов жартылай финалда иорданиялық Абдалла Шахиннен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Алғашқы алтынды велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.
Бұған дейін Дарын Мұстафин аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында қола жүлде алғанын жазғанбыз.