Таеквондошы Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионына есе жіберді

Фото: Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алмады. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесті. 

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен қарсыласынан басым түсті. 

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. Бұл – 18 жастағы спортшының тұңғыш Олимпиадасы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Батырхан Төлеуғалидың Олимпиада ойындарының 1/8 финалына жолдама алғанын жазған едік.