Бүгін ол 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесіп, қарсыласына жол берген еді. Егер қарсыласы финалға шыққан жағдайда, Батырхан Төлеуғали жұбаныш жекпе-жегін өткізіп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндігі болар еді.
Өкінішке қарай, италиялық спортшы ширек финалда ирандық қарсыласы Мехран Бархордариден ұтылып қалды.
Осылайша, италиялыққа есе жіберген отандасымыз Батырхан Төлеуғали жұбаныш жекпе-жегіне шыға алмайтын болды.
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. Бұл – 18 жастағы спортшының тұңғыш Олимпиадасы.