АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел қоржынына тағы екі медаль салды.
Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түссе, Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауржанова, Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Еске салайық, бұған дейін Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.