НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық таеквондо федерациясы наурыз айындағы жаңартылған олимпиадалық рейтингісінде қазақстандық спортшы Смайыл Дүйсебай үздік үшінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, әлемдік рейтингке өзгеде спортшыларымыз іліккен.
Олар:
Смайыл Дүйсебай ( 80 келі): әлемдік рейтинг (3 орын), олимпиадалық рейтинг (11 орын)
Жансель Дениз ( 67 келі): әлемдік рейтинг ( 7 орын), олимпиадалық рейтинг (12 орын),
Руслан Жапаров ( 80 келі): әлемдік рейтинг (14 орын), олимпиадалық рейтинг (20 орын).
Нұрлан Мырзабаев (80 келі): әлемдік рейтинг (25 орын), олимпиадалық рейтинг (36 орын).
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.