Жартылай финалда Дениз Вьетнам спортшысын жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Еске сала кетейік, WTF іріктеу турнирінің ережелері бойынша финалға шыққан спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алады.
Осыған дейін бұл турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі Руслан Жапаров Олимпиада лицензиясына қол жеткізген.