Амманда (Иордания) таеквондодан Азия құрлықтық Олимпиадаға іріктеу жарысы өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде 67 келіден жоғары салмақта Қазақстан сапынан Жансель Дениз бақ сынады. Жартылай финалда ол тәжікстандық Мохру Халимованы 12:2 есебімен ұтып финалға шықты.
Айта кетерлігі, құрлықтық іріктеу жарысында финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада лицензиясына иелік етеді.19:40, 22 Мамыр 2021
Таеквондошы Женсель Дениз Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды
АММАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз #TeamKz қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.