Тағам зертханалары халықаралық стандарттарға сай болуы керек - А. Смайыл

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Тағам зертханалары халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асуының бірінші жылдығына арналған Үкімет сағатында

депутат Алдан Смайыл осылай мәлім етті.

«Ауру - астан» деген сөз бар. Осы ретте Қазақстандағы тағамның 80 пайызы сырттан әкелінетіні белгілі. Олардың қандай химиялық қоспалармен араласқанын білгенде жағаны ұстаймыз. Бұдан соң тіпті ауру болмауы да мүмкін емес. Неше түрлі дерттер содан туындап жатыр деп ойлаймын. Осыған байланысты тағамды зерттейтін зертханаларды халықаралық стандарттарға жеткізуіміз керек»,  - дейді  депутат. Оның айтуынша, тағам зертханаларын халықарлық деңгейге көтеру міндетті және кешіктірілмей атқарылуы шарт.

«Әсіресе балалар тағамына баса мән берген жөн», - деді депутат.