Оның сөзіне қарағанда, тап осы дәнді дақылдар деменция, созылмалы бас ауруы, торығу, қояншығы ұстау, гипербелсенділік синдромы, уайымшылдыққа алып келеді. Және бұл пайдалы дәнді дақыл өнімдеріне де қатысты.
Оның атап өтуінше, астағы майлардың үлесі көп болған кезде адам миы өзін жақсы сезінеді. Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін төмендету үшін көмірсуларды (күніне 60-80 грамнан асырмай) тұтыну деңгейін күрт қысқарту және зәйтүн, кокос майлары, сиыр еті және балықтың құрамындағы майларды тұтынуды көбейту керек.
Қазіргі адамзаттың ата-бабаларының ас мәзірі 75%-ға майлардан және 5%-ға көмірсулардан тұратын. Адам гені арнайы осындай тамақтану тәртібіне бейінделген. Егер адам көбірек май жейтін болса, оның денесінде май азырақ жиналады, дейді ғалым.