Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2025 жылғы 16-23 наурыз аралығында келесі бағыттар бойынша 10 қосымша рейс орындалады:
• Астана — Шымкент: 4 қосымша рейс
• Астана — Алматы: 2 қосымша рейс
• Астана — Түркістан: 4 қосымша рейс
Естеріңізге сала кетейік, әуе компаниясының ұшақтары 2025 жылдың 1 мамырынан бастап Астана-Самарқанд бағытында қатынай бастайды.
Бұған дейін қазақстандық әуе компаниялар наурыздағы мерекелерге орай қосымша 120 рейсті іске қосатыны туралы хабарладық (Air Astana – 55, FlyArystan – 33, Scat – 32).
Қосымша ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.