Тағы бір президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Фото: Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM — Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының Президентін әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды. 

Өзбекстан — 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға мүше елдің бірі.

Фото: ҚР Үкіметі

Бүгінгі таңда Өзбекстан — Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. 

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады. 

Фото: ҚР Үкіметі

Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті. 

Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.

Фото: ҚР Үкіметі
Фото: ҚР Үкіметі