Тағы бір президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының Президентін әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Фото: ҚР Үкіметі
Өзбекстан — 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға мүше елдің бірі.
Фото: ҚР Үкіметі
Бүгінгі таңда Өзбекстан — Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі.
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады.
Фото: ҚР Үкіметі
Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті.
Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.