Тағы екі боксшымыз «Елорда кубогының» қола жүлдесін иеленді
АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы турнирде екі қазақстандық боксшы жартылай финалдық жекпе-жекте қарсыластарына есе жіберді.
Нақтырақ айтар болсақ, 63.5 келі салмақта сынға түскен Жандос 1/2 финалда ирандық Хабибинижад Алиден жеңіліп қалды. Осылайша отандасымыз елордадағы турнирдің қола жүлдесін қанағат тұтты.
63,5 келіде сынға түскен тағы бір қазақстандық боксшы Алмат Әбдуали жартылай финалда өзбекстандық Адхамджон Мухиддиновтен 0:5 есебімен оңбай ұтылып, қола медальді еншіледі.
Бұған дейін 48 келі салмақта Асхат Жүсіпов пен 51 келіде Сәкен Бибосынов алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алғанын жазған едік.
Сондай-ақ 60 келі салмақта қос қазақстандық боксшы Серік Теміржанов пен Талғат Сырымбетов финалда алтын жүлдені сарапқа салатынын хабарлаған болатынбыз.