Тағы 500-дей астаналық мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болады

АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Тағы да бес жүзден астам астаналық мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерге ие болады.

«Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы қазанның 11-інде Тұрғын үй комиссиясының отырысы болды. Онда «балалары бар жас отбасылар», «мемлекеттік қызметшілер», «мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері», «мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, мемлекеттік мекеме қызметкері» санаттары бойынша 554 өтініш білдіруші пәтер иеленуге үміткер ретінде бекітілді», делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Аталған санаттар бойынша бекітілген өтініш білдірушілердің тізімі елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отыр.