Тағы бір экипажсыз, заңсыз мигранттар мінген кеме Италия жағалауына таяп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 450 заңсыз мигрант мінген, басқарусыз судно Италия жағалауына қарай жылжып келеді. Бұл кемені қоманда экипажы тастап кеткен, деп хабарлайды итальяндық жағалау күзеті.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын, сәрсенбіде теңіздің грекиялық аумағынан командасы тастап кеткен молдавиялық «Блю Скай Эм» кемесінен мыңға жуық мигрант құтқарылған еді.