АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін тағы бір отандасымыз Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол Канаданың Квебек қаласында өткен айқаста жергілікті боксшы Родси Винсентпен жұдырықтасып, қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Биыл 25 жасқа толып отырған жерлесіміздің бұл кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегі және екінші жеңісі. Ол бұған дейін қытайлық Хэ Жанды нокаутпен ұтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан шамалы уақыт бұрын тағы бір отандасымыз Батыр Жүкембаев та осы бокс кешінде мексикалық Рэнди Лосанға қарсы рингке шығып қарсыласын уақытынан бұрын жеңгені туралы жазған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.