Тағы бір қазақстандық Google компаниясына жұмысқа тұрды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге әйгілі Google компаниясында қызмет істеу тағы бір отандасымызға бұйырды. Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының тумасы Жасан Байпақбаев аталған компанияға инженер маманы болып тұрды. Осы тұрғыда ҚазАқпарат тілшісі қызметіне енді кіріскен жерлесімізбен тілдескен болатын.

«Мен өзім ШығысҚазақстан облысының Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында туып өскем. Мектепбітірген соң Алматыдағы С. Демирел атындағы университеттің «Ақпараттық жүйелер»мамандығында түстім. Ол жерден бакалавр дәрежесін алып шығып, Қазақ-британтехникалық университетіне дәл сол мамандық бойынша магистратурада білімімдіжалғастырдым.

Иә, Google секілдіәйгілі компанияға жұмысқа тұру менің мамандығым бойынша оқыған әрбір студенттіңарманы деуге болады. Және онда жұмысқа орналасу процесі көпке мәлім. Яғниақпараттық технологиялар саласының мамандарына ол ережемен етене таныс. Жалпыбұған дейін АҚШ-та стартап саласында аздап еңбек еткем, сондықтан да ақпараттықтехнология бойынша тәжірибем бар деп айтуға болады. Google компаниясына инженермаманы болып жұмысқа тұрдым», - деді Жасан Байпақбаев.

Оның айтуынша,аталған компанияға жұмысқа тұрған соң қызметкердің сол ортаға тез бейімделуіүшін арнайы дәрістер ұйымдастырылады.

«Дәрістекомпанияның құрылу тарихынан бастап, онда жұмыс істеу, қызметкердің мақсаты пенміндеті туралы, сол сияқты ортаға тез сіңіп кету жолындағы пайдалы ақпараттарберіледі. Мен үшін ол дәрістің пайдасы көп болды», - деді ол.

Сондай-ақ, отандасымызGoogle компаниясында жұмыс істеуді армандайтын жас өркенге өз кеңесін айтты.

«Көбінесеакадемиялық білімге назар аударған жөн. Ғылымға жақын болу керек. Сол сияқтыесеп шығару қабілеті артық етпейді. Яғни алгоритм ережелерін терең білгендұрыс. Одан бөлек, әрине практикадан өту қажет, олсыз болмайды. Ірі компаниядажұмыс істеудің тағы бір артықшылығы қызметкерге жағдайдың жасалуы. Сондықтандакөп жастар ірі компания, холдингтерде жұмыс істеуге ұмтылады. Және бұл дұрысүрдіс. Google-де басқасын айтпағанның өзінде барлық қызметкерлер үш мезгіласпен және қызметтік көлікпен қамтамасыз етіледі», -дейді ол.

Одан бөлек,жерлесіміз бос уақытында ел-жер аралап көргенді, ал спорттан волейбол жәнетенниспен әуестенетінін айтып өтті.


Соңғы жаңалықтар