Ерлер арасында жекелей сында элита санаты бойынша қазақстандық Евгений Федоров топ жарды.
Ол 24 шақырымды 28 минут 45,197 секундта бағындырды.
Екінші орынға жапониялық Нариюки Масуда ( 51,548) жайғасса, өзбекстандық спортшы Мураджан Халмұратов ( 1:13.094) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетерлігі, велоспорттан Азия чемпионаты Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатыр.