SPCA өкілі Рик Аллан аталған оқиғаның бейсенбі күні Оңтүстік Африка астанасы Претория мен Йоханнесбург арасындағы жолдың бойында болғанын хабарлады. Әзірге керіктің хайуанаттар бағына тиесілі немесе жабайы жануар екені белгісіз. «Біздің тексеруіміз тасымалдаған көліктің қажетті талаптарға жауап бермейтінін көрсетті», - деп мәлімдеді Аллан.
Сонымен бірге, ол өлген жануарды қараған мал дәрігерінің шығарған қорытындысы бойынша, жануар жас болып шыққан. Хайуанаттар бағы мен аквариумдар еуропалық қауымдастығы жас керіктерді аналарынан айыруға тыйым салған. Керіктерді 15 ай толғаннан кейін ғана тасымалдауға рұқсат етілген. Бұл жануарларды тасымалдауда қауымдастық мамандандырылған трейлерді пайдалануға кеңес береді. SPCA керіктің өліміне айыптыларды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.