Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Respublica партиясы өкілдері тапсырған әр құжатты жеке тексерді.
«Құжаттар ҚР Сайлау туралы заңның 87-бабында көрсетілген тізім бойынша ұсынылады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер жоқ», - деді ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова.
«Бүгін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырдық. Партия атынан сайлауға 25 кандидат және 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде ерлер-17 әйелдер- 8. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің ең кішісі 25-те, үлкені 51 жаста», - деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды.
Respublica партиясы биыл 18 қаңтарда ресми түрде тіркелді.
6 ақпанда партия съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті.
Нәтижесінде аталған партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілген еді.