Тағы бір спортшымыз Олимпиада жүлдесі жолында сүрінді
18:19, 29 Шілде 2012
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзгіш Александр Тарабрин біліктілік сайысынан аса алмай, 100 метрге шалқалай жүзуде жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлады Vesti.kz.
Бұл қашықтықты 55,55 секундта жүзіп өткен спортшымыз 38-ші орынға тұрақтады. Ал жартылай финалға үздік 16 спортшы шықты. Олардың арасында американдық Мэтью Греверс 52,92 секундтық нәтижемен үздік танылды.