Тағы да жол апаты...
11:15, 19 Қазан 2013
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Елордадағы Алматы ауданына қарасты Б. Момышұлы және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында 2013 жылғы 18 қазанда сағат 20:19-да «MAN» жолаушылар автобусы (1987 жылы туған М. есімді азамат, № 44 бағдар) және «Мерседес» автокөлігі (1985 жылы туған Т. есімді азамат) қақтығысып, оның салдарынан «Мерседес» автокөлігі өртке оранды.
Өрт жалыны сағат 20:49 шамасында ауыздықталды. ЖКО салдарынан «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі және оның жолаушылары 1983 жылы туған Ч. есімді азамат және 20-25 жас шамасындағы қыз бала (аты-жөні анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. Қоғамдық көліктің 5 жолаушысы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жіберілді. Төтенше оқиғаны жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бөлімшесі жеке құрамының қызметкерлері жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми сайты хабарлайды.